Хотите у нас работать?
Салалар бойынша ұйымдарды сақтандыру

Құрылыс-құрастыру тәуекелдерін сақтандыру салынып жатқан объектіні сақтандыруды, құрылыс жабдығының сақталуын және үшінші тұлғаларға келтірілген залал үшін құрылыс ұйымдарының азаматтық жауапкершілігін сақтандыруды қамтиды. Сонымен қатар, нақты құрылыс объектісіне қызмет көрсететін қоймалардағы құрылыс материалдарын да, және автокөлікті және басқа арнайы техниканы сақтандыру қарастырылады.

Кез келген кәсіпкердің қызметі жаңа мүліктік кешеннің құрылысынан немесе қолданыстағы объектіні өз қажеттіліктеріне қарай қайта құрылымдаудан басталады. Сақтандырудың бұл түрі жылжымайтын мүлік объектілерінің құрылысы мен қайта құрылымдау кезеңінде, сондай-ақ оларды кепілдікті пайдалану кезеңінде орын алған залалдарды өтеуге кепілдік береді.

- Стандартты тәуекелдер

Сіз мүлікті келесі тәуекелдердің нәтижесінде зақымданудан сақтандыру аласыз (жиынтықта немесе олардың кез келген комбинациясында):

  • өрт, жарылыс, найзағайдың түсуі, басқарылатын ұшатын аппараттардың құлауы;

  • дүлей апаттар: құйын, дауыл, боран, тайфун, қар көшкінінің жүруі , сел;

  • нөсер жауын; жер асты суларының басуы;

  • жер сілкінісі;

  • үшінші тұлағалардың құқыққа қайшы әрекеттері — бұзып ұрлау, қарақшылық, вандализм, бұзақылық;

  • инженерлік желілердің апаты (су құбыры, канализация, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау);

  • объектінің , оның ішінде опырылған немесе құлаған бөлшектердің қирауы немесе зақымдануы.

Сақтандыру жағдайы 1 тармақта көрсетілген тәуекелдердің әрекетінің нәтижесінде құрылыс алаңында орналасқан мүлікті зақымдау, заңды күшіне енген жалпы юрисдикция сотының шешімімен бекітілген, жоғарыда аталған тәуекелдердің басталуы нәтижесінде үшінші тұлғаларға залал келтіргені үшін сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактысы, 1 тармақта көрсетілген тәуекелдердің салдарынан пайдалануға тапсырылған сақтандырылған объектінің жойылуы немесе зақымдануы болып табылады.

Сақтандыруға жатады:


Сақтандыру сомасы
құрылыс-құрастыру жұмыстарының, материалдар мен техникалардың құнынан + үшінші тұлағалардың алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша жауапкершілік лимитінен құралады.
Сақтандыру кезеңі:
құрылыс (құрастыру) жұмыстарын орындау мерзімі. Бұл ретте сақтандыру арқылы қорғау әрекеті пайдалануға қабылданған объектілердіің кепілдік мерзіміне созылуы мүмкін.


Осы сайтта жарияланған сақтандырудың ерікті кластары бойынша сақтандыру тарифтері барлық және әрбір сақтандыру шартына қолданылмайды және сақтандыру шарттарының ерекшеліктері мен тәуекел дәрежесіне байланысты өзгертілуге жатады. Осы сайтта тарифтерді жариялау оферта болып табылмайды.

Менеджермен байланысу:

Байланысқа арналған телефондар:
+7 (727) 258-43-36 (Алматы қ.)
8 800 080 0099 (Қазақстан бойынша тегін желі)

Бізбен байланысыңыз


Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!