Хотите у нас работать?
Ауыру жағдайына ерікті сақтандыру

Қазіргі кездегі өмір қарқыны, нашар экология, күйзеліс мүлде дені сау адамның өзін ауыруға шалдықтыруы мүмкін. Бұл кездегі ең бастысы - тек еңбекке жарамсыздық парағын алу үшін ғана емес, аурулар мен асқынулардың жағымсыз салдарларын болдырмау үшін емдеу курсын бастау үшін де дәрігерге дер кезінде қаралу. Ауыру жағдайына сақтандыру денсаулықпен мәселелер туындаған жағдайда үздік емдеу мекемелерінде толық көлемде, қызметкерлерді де, және олардың отбасы мүшелерін де емдеу мен диагностиканың жоғары тиімді әдістерін қолдана отырып, жоғары білікті және уақытылы медициналық көмекті алуға мүмкіндік береді.

Заңды тұлғалар үшін ауыру жағдайында сақтандыруды ұсына отырып, біздің компания әрбір клиенттің мүмкіндіктері мен тілектерін ескеретін икемді тарифтік кестені әзірледі. "Евразия" СК" АҚ-да корпоративтік сақтандыру Қазақстан Республикасының аумағында Сіздің қызметкерлер үшін жоғары білікті және тиімді медициналық қызмет көрсетуге кепілдік береді.

"Medical Assistance Group" ЖШС бұл:

Сақтандыру бағдарламасына келесі медициналық көмек түрлері кіруі мүмкін:

«Евразия» СК" АҚ ауыру жағдайына сақтандыру — бұл Сіздің денсаулығыңызға жоғары кәсіпқой және кепілді қамқорлық.

Сақтандыру объектісі

Сақтандыру объектісі - Сақтандыру шартының шарттарына сәйкес алынған оның шығындарын өтеумен байланысты Сақтандырылушының мүліктік мүдделері.

Сақтандыру жағдайы

Сақтандыру жағдайы - Сақтандырылушымен Сақтандыру шартының шарттарына сәйкес медициналық қызметтерге ақы төлеуге жеке қаражаттарын жұмсамай медициналық қызметтерді алу.


"Евразия" СК" АҚ ауыру жағдайына сақтандыру бойынша клиенттерге қызмет көрсету "Medical Assistance Group" ЖШС медициналық ассистанс арқылы жүзеге асырылады.



Осы сайтта жарияланған сақтандырудың ерікті кластары бойынша сақтандыру тарифтері барлық және әрбір сақтандыру шартына қолданылмайды және сақтандыру шарттарының ерекшеліктері мен тәуекел дәрежесіне байланысты өзгертілуге жатады. Осы сайтта тарифтерді жариялау оферта болып табылмайды.


Жеке кабинет

«Евразия» сақтандыру компаниясы ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) бағдарламасын ыңғайлы және қолжетімді ететін бірқатар жаңалықтар енгізді. Біз «жеке кабинет» функциясын іске қостық, ол сақтанушыға медициналық қамтамасыз ету және қолжетімді лимиттер туралы барлық қажетті ақпаратты онлайн режимінде дербес алуға көмектеседі.

Біз сіздің денсаулығыңызды ғана емес, уақытыңызды да бағалаймыз. Жеке кабинет толыққанды медициналық көмек алу үшін cabinet.assistance.kz сілтемесі арқылы нақты уақыт режимінде қол жеткізуге мүмкіндік береді:

• шарттың мерзімі және сақтандыру картасының нөмірі;

• стоматологиялық қызметтер мен дәрі-дәрмектерге шектеулер;

• медициналық қызметтерді алу тарихы;

• жақын арадағы медициналық мекемелер туралы анықтамалық ақпарат;

• зертханалық зерттеулердің нәтижелері;

• сақтандыру жағдайы және медициналық шығындарды өтеу кезіндегі әрекет ету ережелері;

• қосымша ақпарат және медициналық кеңес;

• бізбен байланысу үшін барлық қажетті контактілер;

• және т.б.

Жеке кабинетке кіру үшін сілтеме арқылы тіркелу керек. Тіркеу процедурасын аяқтағаннан кейін пайдаланушы жүйеге кіре алады. Кабинетке кіру үшін ұялы телефон нөмірі мен тіркеу кезінде орнатылған құпия сөзді пайдаланасыз.

Сұрақтарыңыз болса, сондай-ақ тілектеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, әрқашан бізге электронды пошта арқылы жаза аласыз немесе телефон арқылы қоңырау шала аласыз:

Medical Assistance Group: Info@assistance.kz, 8 727 259 60 56; 259 97 90; 8 702 010 30 56; 

«Евразия» СК: MEDICAL@theeurasia.kz немесе мына нөмір бойынша хабарласыңыздар 8 727 258 43 36



Менеджермен байланысу:

Байланысқа арналған телефондар
+7 727 259 60 11,
+7 727 259 60 10,
8 800 080 0099

Бізбен байланысыңыз


Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!